Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 желтоқсан

© Sputnik18 желтоқсан
18 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 352-ші күн, жыл соңына дейін 13 күн бар

18 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

18 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Халықаралық мигрант күні аталып өтеді. Жақсы өмір іздеген азаматтар өзінің елінен кетіп, мигранттардың қатарына қосылады. Дамып жатқан мемлекеттерде халық санының өсуі мен дамыған елдерде оның қысқаруына байланысты адамдардың көші-қоны жыл сайын өсіп келеді. Жергілікті тұрғындар мигранттарды жақтырмайды, олардың тәжірибесі мен білімімен бөлісіп, жұмыс күшімен қамтамасыз етіп жатқанын түсіне бермейді.  

Сонымен қатар, бүгін – АХАЖ қызметкерлерінің күні. Дәстүр бойынша әлемде бұл мерекені азаматтық хал актілерін жазу органдарының барлық қызметкері атап өтеді. 1917 жылға дейін неке тіркеу, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды тіркеу қызметін шіркеу атқарған. 

18 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1892 жылы Санкт-Петерборда "Щелкунчик" балетінің тұсаукесері өтті; 

1958 жылы әлемдегі тұңғыш "SCORE" байланыс серігі орбитаға шығарылды; 

1987 жылы PERL программалау тілінің алғашқы нұсқасы шықты. 

18 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасының "Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңы жарық көрді; 

2016 жылы хоккейден Қазақстанның құрамасы "Еврочеллендждің" жеңімпазы болды, Украина, Оңтүстік Корея мен Польшаны басып озып, бірінші орынды жеңіп алды.

18 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1921 жылы атақты кеңес және ресейлік актер, цирк актері (клоун), тележүргізуші, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Юрий Никулин дүниеге келді;

1946 жылы сценарист, продюсер және ең табысты америкалық кинорежиссерлердің бірі Стивен Спилберг дүниеге келді. Оның ең кассалық 20 фильмі (бюджеті 200 миллион доллардан асады) прокатта 8,4 млрд доллар жинады; 

1963 жылы америкалық актер және продюсер Брэд Питт дүниеге келді. 

1973 жылы 2002 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Ресейдің мәнерлеп сырғанау бойынша еңбегі сіңген спорт шебері Илья Авербух дүниеге келді. 

18 желтоқсанда Қазақстанда кім туды

1934 жылы қазақстандық сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген әрі құрметті сәулетшісі Станислав Мордвинцев дүниеге келді.

1944 жылы қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов дүниеге келді; 

1972 жылы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқарып жүрген шенеунік Әлихан Смайылов дүниеге келді. Соңғы лауазымы – Қазақстанның қаржы министрі.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Кіммен қарым-қатынас жасайтыныңызға тағы бір көз жүгіртіңіз, сізді кері тартатын адамдарға күшіңіз бен энергияңызды жұмсаудың қажеті жоқ. Айналаңызда адамгершілігі бар, қиын сәттерде көмек көрсететін адамдардың болғаны жақсы. Сонымен қатар, бүгін үйде немесе жұмыс орнында тазалық жүргізу үшін қолайлы күн болады.

Жаңалықтар
0