Дерекқор

Күнделік кз: Ата-аналар мен оқушылар нені білуі тиіс?

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуИнтерактивті сабақ
Интерактивті сабақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан "Күнделік" жүйесіне 6,1 мыңнан астам білім беру ұйымы тіркелген

"Күнделік" жүйесі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында әзірленген. Яғни, Білім және ғылым министрлігі мен "Kundelik" ЖШС арасында бекітілген келісімшартқа сәйкес, компания ведомствоға, мектептерге, мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға "Күнделік" жүйесінің қызметін тегін ұсынады. 

"Kundelik" компаниясының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, "Күнделік" сайтына тіркелген мектептер мен жеке аккаунт арқылы ақпарат алғысы келетін қолданушылар саны артып келеді. 2018 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша, "Күнделік" жүйесінің көрсеткіштері мынадай:

  • 6,1 мыңнан астам білім беру ұйымы; 
  • 297 мыңнан аса мұғалімнің белсенді аккаунты;
  • 2 миллионнан астам оқушының белсенді аккаунты; 
  • 1,5 миллионнан аса ата-ананың белсенді аккаунты.

Ата-аналар мен оқушылар нені білуі керек?

Ата-аналар мен оқушыларға "Күнделік" сайтына күн сайын кірудің қажеті жоқ. 

"Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ата-аналар мұғалімдер оларды күн сайын "Күнделік" сайтына кіруге мәжбүрлейтінін жиі жазып жүр. Бірақ, әр ата-ана мынаны білуі тиіс: заң бойынша олар сайтқа күн сайын кіруге міндетті емес. Жүйені әзірлеуші ретінде біз оларды платформаға күн сайын кіруге мәжбүрлемейміз. Жүйенің веб-нұсқасы барлық қолданушыға кез келген уақытта қолжетімді әрі тегін", — деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.  

"Күнделікпен" жұмыс істейтіндер үшін тағы бір маңызды жаңалық – интернеті бірде өшіп, бірде қосылып тұратын мектептерде мұғалімдер журналмен офлайн-режимде жұмыс істей алады. Яғни, интернет қосылып тұрған кезде мұғалім журналды компьютеріне жүктеп алып, интернетсіз-ақ толтыра алады. Кейін интернет қосылғанда, оны қайтадан сайтқа жүктей алады. 

Бұған қоса, қазіргі таңда "Kundelik" компаниясы ұстаздар үшін сайттың мобильді нұсқасын аяқтап қалды. Енді әр мұғалім өз телефонынан "Күнделік" сайтына кіріп, қалаған уақытында жұмыс істей алады. 

Табыс көзі – ақылы сервистер мен жарнама 

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?
"Күнделік" жобасы мемлекеттен қаржыландырылмайды, білім және ғылым министрлігінен ақша түспейді. Сондықтан компания жүйені өз қаражатына жетілдіріп отыр. Ал табыс көзі – қосымша ақылы сервистер мен жарнама. 

Бірақ қосымша коммерциялық сервистерге қосылу-қосылмау – әр ата-ананың өз шешімі, оларды ешкім міндеттемейді. Бұл сервистерге жазылмай-ақ, Kundelik.kz сайтын қолданып, бала мектеп бітіргенге дейін оның оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы барлық негізгі ақпаратты тегін алуға болады.

"Мәселен, ақылы мобильді нұсқадағы мүмкіндіктер kundelik.kz-тің веб-нұсқасында әрдайым тегін болып қала береді. Ал сайттағы бірқатар жарнаманың көрінуін әр қолданушы браузердің баптауымен өздігінен реттей алады. Алайда, әрине, егер қолданушылар қосымша сервистерге жазылып немесе сайттағы жарнаманы көрсе, біз оларға тек ризашылығымызды білдіреміз. Жарнама заңға және жас ерекшеліктеріне сәйкес жіті сүзгіден өткізіліп отырады", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі. 

Жүйе жетілдіріліп отырады

Соңғы жарты жылда core functions (журналдар, есеп беру формасы мен тағы басқалары) бойынша 50-ден астам түзету енгізілген. Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанындағы мемлекеттік техникалық қызмет, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның талаптарына сәйкес жетілдіріліп отырады.

Тағы оқыңыз: Депутат ашынған мұғалімнің хатын оқып берді

Кез келген мектеп жүйеге тіркелуге өтінім бере алады. 

Заңнама талаптары мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы саясатына сәйкес, "Күнделік" жүйесі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да орналастырылған. 

Жаңалықтар
0