Әлем

ТМД елдеріне танымал өзбекстандық әзіл-сықақшы дүниеден озды

© Photo : Халықаралық баспасөз клубыӨзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Обид Асомов
Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Обид Асомов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Обид Асомовтың өліміне жүрек талмасы себеп болды

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Ташкент ауруханасында Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Обид Асомов көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан. 

Ақпаратты "Узбекконцерт" растаған. ТМД елдеріне танымал әзіл-сықақшы жұма, 14 желтоқсан күні 55 жасында инфарктен қайтыс болды.

Обид Асомов 1963 жылдың 22 қазанында Ташкентте туған. 1993 жылы "Обид-А" деген атаумен өз театрын ашты. 2000 жылдардың соңында "Кривое зеркало" әзіл-оспақ бағдарламасының команда мүшесі болды.

 2018 жылдың мамырында Асомов мультипликациялық фильмдер студиясының директоры болып тағайындалды.  


Жаңалықтар
0