Қоғам

Тәуелсіздікке 27 жыл: Қазақстан қандай жетістіктерге қол жеткізді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде алғаш мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, кейін Қытай мен Ұлыбритания мойындады

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл. Еліміз осы аз уақыт ішінде көптеген жетістікке қол жеткізді. 27 жылдық мерейтойға орай қазақстандықтардың өміріндегі 27 елеулі өзгеріс пен жетістікті назарларыңызға ұсынады.

1991 жылы тарихы тереңде жатқан Қазақстан Республикасы жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болды. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Ұлттық мерекеге орай Қазақстанның барлық өңірінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып, республика азаматтарының арасында әр саладағы көзге түскен ерекше мамандар марапатталады.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанды. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойды.

Ақша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Ақша

1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңын қабылдады. Мұнымен қатар, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, ұлттық валюта енгізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Комиссия төрағасы болып премьер-министр Сергей Терещенко тағайындалды. Дербес ақшаның енгізілетіні туралы қазақстандықтарға небәрі үш күн бұрын ғана хабарланды. 

1994 жылы бір топ қазақстандық студент алғаш рет "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Аталған стипендия түлектердің кәсіби маманданып, қызметте табысты жоғарылауына көмектеседі. Бүгінде "Болашақ" түлектері көптеген мемлекеттік қызметте, отандық және халықаралық ұйымдарда, акционерлік қоғамдарда жұмыс істеп жүр.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

© Sputnik / Жансая ТәуекелқызыЫсқақ қария мен Гүлжахан әже
Ысқақ қария мен Гүлжахан әже - Sputnik Қазақстан
Ысқақ қария мен Гүлжахан әже

1996 жылдан бастап Қазақстан Америка құрлығының барлық 35 мемлекетінің басын біріктіретін ірі өңірлік ұйымға тұрақты бақылаушы мемлекет болды.

1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда ҚР премьер-министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті.

1998 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты. Осы жылға дейін 55 және 60 жастан бастап шығып келген еді.

1998 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 79,78 % дауыс жинап, жеңіске жетті. Осылайша мерзімі тағы жеті жылға ұзартылды.

2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Аталған қоғамдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері қол қойды. Кейін Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, қоғамдастық алынып тасталды.

CC0 / Engin_Akyurt / Сәби камераға қарап жатыр
Сәби камераға қарап жатыр - Sputnik Қазақстан
Сәби камераға қарап жатыр

2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.

2002 жылы Қазақстанда алғаш рет еуро айналымға енгізілді. Қаңтар айында "БанкТұранАлем", "Халық банк" және "Қазкоммерцбанк" 30 миллион еуроны елге алып келді. Бұл уақытта еуро құны, Ұлттық банк бағамы бойынша, 150,97 теңгеге тең болды.

2003 жылы алғаш рет 10 мың теңгелік номиналды банкнота айналымға енгізілді. Ол сол кезде Қазақстандағы ең ірі купюра болды.

2004 жылдың 28 мамырында Шығыс Қазақстан облысында 15 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Есімі — Перизат Ускембаева. Ал оның егізі халық санының 16 миллион есебін ашты.

2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Қазақстан президенті сайлауы өтті. Аталған сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыс жинап, үшінші рет президент болды.

2006 жылы теңгенің бұрын-соңды болмаған үлгілері жарыққа шықты. Сондай-ақ, "Самұрық" мемлекеттік қоры құрылды. 2008 жылы "Қазына" қорымен бірігіп, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ болды.

© Photo : akorda.kzНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев

2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды "Мәдени мұра" бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге бөлінді. Алғашқы кезеңге — 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5 миллиардтан аса бөлінді.

2008 жылы президенттің бастамасымен ұлттық нейрохирургия орталығы құрылды. Ол — денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі. Осы күнге дейін орталықта 37 мыңнан астам науқас ем қабылдап, 25 мыңнан астам адамға ота жасалды. Сондай-ақ, 66 нейрохирургиялық технология енгізілді.

2009 жылдың қаңтар айында Григорий Марченко қайтадан ұлттық банк басшысы болып тағайындалды. Бұл уақытта доллар бағамы 150 теңге деңгейінде болды.

2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.

2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і қола.

2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.

Азиада 2011
Азиада 2011  - Sputnik Қазақстан
Азиада 2011

2013 жылдың 24 тамызында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Қазақстан-2050" стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр" тақырыбында Қазақстан халқы ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.

2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.

2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды. Сондай-ақ, осы кезде ел астанасына мемлекет басшысының есімін беру туралы ұсыныстар айтылды. Мереке қарсаңында көптеген қазақстандық мемлекеттік марапаттарды иеленіп, елде амнистия жарияланды.

© Photo : АқордаАстана қаласындағы "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде түсірілген сурет
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде түсірілген сурет - Sputnik Қазақстан
Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде түсірілген сурет

2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады. Төрағалықтың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша құжат қабылдау болды. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл қызметке кезекпен кіріседі.

Жаңалықтар
0