Спорт

"Канело" Головкиннен кейінгі қарсыласын нокаутқа жіберді – толық видео

Жазылу
Yandex newsTelegram
Альварес Филдингті төрт рет нокдаунға жіберді

АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) британиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz. 

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Алдымда үлкен сынақ тұр". "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегі туралы айтты
Екінші орта салмақта өткен жекпе-жекте "тұрақты" әлем чемпионы белдігі сарапқа салынды. Жекпе-жек кезінде "Канело" Головкиннен кейінгі қарсыласы Филдингті төрт рет нокдаунға жіберді. Кездесу үшінші раундта техникалық нокаутпен – Альварестің жеңісімен аяқталды. 

Осылайша "Канело"  жаңа дивизионда әлем чемпионы атанып, кәсіпқой бокстағы 51-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рокки екінші жеңілісінің ащы дәмін татты. 

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қарымта жекпе-жек өткізген болатын. Төрешілер шешімімен екінші кездесуде "Канело" жеңіске жетіп, орта салмақта әлем чемпионы атанды.

Жаңалықтар
0