Спорт

Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді

© Photo : Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясыКәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір
Кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Өткен жылы желтоқсан айында алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақстандық боксшы алғашқы титулына қол жеткізді

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір әзірбайжандық Анар Абдуллаевпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Боксшылар ауыр салмақта (90,7 кг) Pro Box нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулына таласты.

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық әнші кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

10 раундқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшы үш минутта-ақ нокаутпен жеңіске жетті.

Ибрагим Ескендір былтыр желтоқсан айында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Ол кезде қырғызстандық қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Ибрагим Ескендірді жұрт әнші әрі музыкант ретінде біледі. Әсіресе "Көк тудың желбірегені" әнінен кейін қазақ қоғамына кеңінен танылды. Бұдан бұрын Ибрагим бірнеше жыл бойы спортпен айналысып, бокстан спорт шеберлігіне кандидат болған. 

 

Жаңалықтар
0