АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Кәсіби қазақ боксшылары Нұртас Әжбенов пен Сұлтан Заурбек Лондондағы York Hall рингінде қарсыластарын бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Осыған дейін кәсіби рингте екі рет жеңіске жеткен 20 жастағы Сұлтан Заурбек румын спортшысы Стефан Николаэден басым түсті. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша өткен төрт раундтық кездесуде Заурбек қарсыласын нокаутпен жеңген. Бұл - қазақстандықтың қанжығасындағы үшінші жеңісі.
#UK Card by @Leeeaton88 at the @YorkHallEvents with Prospect Sultan Zaurbek @SultanZaurbek 3-0 who KO'd Stefan Nicolae in 1 Saturday:https://t.co/Brv09xYKdH#Boxing #boxeo #Boxe #TTR #video #The13thRound #Fury #Wilder #Joshua #Canelo #Alvarez #Fielding #Parker pic.twitter.com/8lk1Iby8OC
— the13thround.com (@the13thround) 14 декабря 2018 г.
Тағы бір қазақ жігіті Нұртас Әжбенов 35 жастағы тәжірибелі хорватиялық Анто Накичпен жұдырықтасып, бірінші раундта-ақ сұлатты.
"Бір сөзбен Алхамдуллилях", — деп жазды Нұртас жекпе-жектен кейін жеке парақшасында.
Әжбенов үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жеңісі болып саналады.