АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Айару есімді бүлдіршін 12 желтоқсан күні көз жұмған. Әжесінің айтуынша, жиені бір апта бойы ауырыпты, олар оны үйде емдеген. Алайда өткен сәрсенбіде қызы телефон соғып, Айарудың есінен танып қалғанын айтқан. Әжесі үйге келгенде, жиені тыныс алмаған.
"Сараптама жиенімді біреу тұншықтырғанын көрсетті. Анасынан күдіктеніп отыр. Мен бұған сенбеймін. Менің қызымның олай жасауы мүмкін емес. Айару бұған дейін де ауырған. Мүмкін, тынысы содан тоқтап қалған шығар. Бәлкім, қанға тұншығып қалған болар", — дейді егде жастағы әйел.
Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыздың анасы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.