Қоғам

Назарбаев бірнеше әкім мен министрді орденмен марапаттады

© Sputnik / Болат Шайхиновмемлекеттік наградалар
мемлекеттік наградалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар арасында министрлер мен облыс әкімдері бар

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбегімен дараланған ел азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды тілшісі. 

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елге еңбегі сіңген бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. 

"Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл егемен елімізді дүниежүзіне танытып, бар жақсылықтың бастауы болған қазақ үшін қасиетті мейрам. Біз жиырма жеті жыл бұрын азаматтық жалауын желбіретіп, береке-ірлігіміздің арқасында мерейлі мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздіктің символына айналған Астананың жиырма жылдық мерейтойын абыроймен атап өттік" – деді Елбасы Ақордада өткен салтанатты марапаттау рәсімінде. 

Президент игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында ерен еңбегімен дараланған ел азаматтарына қошемет көрсетілетінін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев кенже қызының бетінен сүйіп, мемлекеттік сыйлықпен марапаттады
"Әрқайсыңыз көпшіліктің құрметіне бөленіп, өнегелі істеріңізбен жаңа Қазақстанды жаңғыртуға атсалысып, жұмыс істедіңіздер. Сондықтан Ақорда төріне жиналған баршаңыз үшін бүгін ерекше мерейлі күн деп санаймыз", — деді Назарбаев. 

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, айрықша белгісі  "Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ төрайымы Құралай Бәйменова, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданынан "Шәушен" ШҚ басшысы  Сайрамбай Дөненбаев, Шымкенттен"А.С.Пушикин атындағы №1 мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі Алина Соловьеваға берілді. 

І дәрежелі "Барыс" орденімен Астанадан Еңбек ардагері Жәнібек Кәрібжанов, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев марапатталса, ІІ дәрежелі "Барыс" орденін Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин, жазушы Қабдеш Жұмаділ, Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ профессоры Сұлтан Оразалы иеленді. Ал  ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Қостанай облысының Әулиекөл ауданы, "Агрофирма "Диевская" ЖШС бас директоры Олег Даниленко, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев марапатталды. 

Тағы оқыңыз:

"Парасат" орденін алғандар – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" РМК ректоры, Алматы қаласы Такир Балықбаев, "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожин, премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов,  "Uniserv" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, Орал қаласы Нұрғазы Сәтбаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова және Дарья Домрачева - Sputnik Қазақстан
Әлем
Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады
"Құрмет" орденімен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, "Қазақ ұлттық хореография академиясы" КЕАҚ оқытушысы Людмила Макарцева, Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиева марапатталды. 

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін Қарағанды облысы, "Kazakhmys Smelting" ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының қорытушысы Теміржан Бекжанов алды. 

ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталғандар – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы департаментінің бастығы Асқар Ақшаев, Қорғаныс министрінің орынбасары Мүсілім Алтынбаев, Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов. 

ІІ дәрежелі "Айбын" ордені Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті Жол-патрульдік полициясы полкі қызметінің инспекторы Азамат Балтабаевқа берілді.

Тағы оқыңыз: Елбасы өзінің жалғыздығы туралы айтты

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермекбек Пазлиев марапатталды. 

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалін Мемлекеттік күзет қызметі объектілерді қорғау қызметі "Айбын" президенттік полкі" 0112 әскери бөлімінің рәсімдік батальоны құрмет қарауыл ротасының бөлімше командирі Әділхан Төребеков алды.

Жаңалықтар
0