Өңірлер

"Қорқып кеттім" Алматыда жүргізушінің бетіне газ шашқан жігіт өкініп отыр

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел жәрдем жүргізушісі №4 клиникалық аурухананың күйік бөлімшесіне жатқызылды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik.  Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне химиялық зат шашқан жігіт өз ісіне өкініп отыр. Айтуынша, ол бұл әрекетке өзін қорғау мақсатында барған.

11 желтоқсанда шақыртуға барған жедел жәрдем бригадасының жүргізушісі зардап шеккен еді. Ерегіс кезінде оның бетіне белгісіз сұйықтық шашып жіберген жігіт өз ісіне өкініп жүр. Дегенмен Камал Мәліктің айтар уәжі де бар екен.

Ер адам, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрікті жер аударуды талап етуде

"Әрине, жағдайдың солай болғанына өкінемін. Газ баллоннан шашпай-ақ, кеудесінен итеріп жіберсем де, жетіп жатыр еді. Бірақ мен өзім де қорқып кеткендіктен, оның бетіне 2 рет шашып жіберіппін…", – деп өкініш білдіреді күдікті.

Камалдың әкесі барлығына жүргізушінің өзін кінәлі деп санайды. Айтуынша, баласы анасын ауруханаға апаруы керек болған. Сол сәтте жедел жәрдем көлігі оның шығуына кедергі келтірген, деп жазды Аlmaty.tv.  

"Жолдың ортасына көлікті қаңтарып қойған. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көше тар. Менің балам шыға алмайтынын айтып, көлікті алуды сұраған. Ол 20 минут күтесің деп айтқан. Ешкім жоқ қой, сәл алға қарай жүріңіз, мен шығып кетейін дегенде, көліктен шығып менің балама ұмтылып, былапыт сөздер айта бастаған", – дейді Мәлік ШЕФУЗОВ.

Тәртіп сақшылары бозбаладан оқиғаның мән-жайын сұрап еркіне қоя берген. Ал мойнының үстіңгі жағы мен бетін күйік шалған жедел жәрдем жүргізушісі Алмабеков Ринат қазір №4 клиникалық ауруханада ем алып жатыр.

"Денесінің 4 пайыз аумағын 1-ші, 2-ші дәрежелі химиялық күйік шалған деген диагноз қойылды. Жарасын қарап, тиісті диагноз қойылғаннан кейін ол күйік бөлімшесіне жатқызылды. Қазір Алмабеков Ринат оңалып келеді", – деді күйік бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Биқоңыров.


Жаңалықтар
0