15 желтоқсан күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
15 қараша күні қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін — халықаралық шай күні. Әлемдегі ең танымал сусынның құрметіне арналған мерекені алғаш рет 2005 жылы атап өткен болатын. Оның бастапқы мақсаты — қоғамды шай индустриясындағы өзекті мәселелерге назар аударту. Ауқымды шаралар негізінен Үндістан мен Шри-Ланкада өтетін болған. Кейін бұл екеуін Индонезия, Кения, Уганда және т.б. мемлекеттер толықтырды. Бұл күні жұрт дастархан басында жиналып шай ішіп, би билеп, ән салады.
Сондай-ақ, бүгін Ресейде кәсіби міндеттерін атқарып жүріп көз жұмған журналистер күні. Ол Ресей журналистер одағының бастамасымен 1991 жылдан бері аталып өтіп келеді. Кей журналисті өлтірген қылмыскерлер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Мысалы, Дмитрий Холодов пен Владислав Листьевтің кімнің қолынан қаза тапқаны әлі де белгісіз. Сондай-ақ, әріптестері "Совершенно секретно" холдингінің басшысы Артем Боровик өліміне қатысты жүргізілген тергеу нәтижесіне қанағаттанбады.
Мұнымен қатар, бүгін эсперанто тілін сүйерқауымның Заменгоф күні деп аталатын мерекесі. Бұл мереке тілді шығарған Людвиг Заменгофтың туған күніне орай күнтізбеге енгізілген. Мереке ресми болмаса да, 1920 жылдан бері аталып өтіп келеді. Мақсаты — эсперанто тілінің танымалдылығын арттыру. Бүгінде эсперанто тілі — жасанды тілдердің ішіндегі ең танымалдарының бірі. Оны көптеген мемлекет тұрғындары қолданады. Тіл авторы Людвиг Заменгов аталған тілді оңай меңгеруге көмектесетін лингвистика жүйесін ойлап тапқан. Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда 2 миллион адам осы тілде сөйлеп жүр. Бұл жасанды тілде кітаптар мен журналдар шығарылады.
15 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1821 жылы Франция географиялық қоғамы құрылды;
1884 жылы АҚШ-та күзет мұнарасы қоғамы тіркелді;
1964 жылы Канадада үйеңкі жапырағы бейнеленген мемлекеттік ту қабылданды;
1966 жылы астроном Одуэн Дольфюс Сатурнның серігі Янусты ашты.
15 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жаңа теміржол терминалының ашылу салтанаты өтті;
2010 жылы Түркістанда тарихи-мәдени-этнографиялық орталық ашылды.
15 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал адамдар
37 жылы римдік император Нерон дүниеге келді. Ол 54 жылдың 13 қазанынан бастап таққа отырған;
1907 жылы құрылыс, архитектура саласындағы ғылыми қайраткер, Останкино телемұнарасының авторы, техника ғылымдарының докторы Николай Никитин дүниеге келді;
1942 жылы ресейлік және кеңестік әнші Екатерина Шаврина туды. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі;
1952 жылы ресейлік және кеңестік тележүргізуші, продюсер, режиссер, телевизия саласының қайраткері Андрей Разбаш туды. Ол "ВИD" телекомпаниясын құрушылардың бірі.
15 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1929 жылы суретші, Қазақстан халық суретшісі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Гүлфайруз Ысмаилова туды;
1950 жылы экономика ғылымының докторы, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов өмірге келді;
1955 жылы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Николай Радостовец өмірге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Балық белгісіне келіп тоқтайды. Бойыңызды сенімсіздік сезімі кернеп, бір істі толық жүзеге асыра алмағандай күй кешесіз. Бастысы қол қусырып қарап отырмай, қателеріңізбен жұмыс істеуге тырысыңыз.