Өңірлер

"Қар ериді". Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав Водневқыс
қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің оңүстік, оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батысындағы өзендерде су деңгейінен көтерілсе, батыста қатты жел соғып, боран болады

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды

Дабылды ескерту Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жарияланды. 

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
"Алдағы демалыс және мейрам күндері еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысындағы өзендерде сең жүріп, өзен арнасының тарылуынан су деңгейі көтерілуі мүмкін", — деп ескертеді Қазгидромет. 

Сонымен қатар, еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты жазық жерде қар еруі мүмкін. 

Бұдан бөлек, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с  болады. 

Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ  болады, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Жаңалықтар
0