Оқиға

Алматы облысында химия сабағынан кейін оқушылар ауруханаға түсті

© Photo : Michal JarmolukЗертхана, архивтегі фото
Зертхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектеп оқушылары жүрегі айнып, басы айналғанын және іші ауырғанын айтқан

ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылында 11 бала химия сабағынан кейін уланып ауруханаға түсті.

"Орынбетов атындағы орта мектептің 7 "Б" сынып оқушылары Қаракемер ауылындағы медициналық амбулаторияға қаралған. Олар 27 бала қатысқан химия сабағынан кейін сыныптағы жағымсыз иіске шағымданған. 11 баланың жүрегі айнып, басы, іші құрысып ауырған, бір қыз қалшылдай бастаған", — деп мәлімдеді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Дөнер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында адамдар дөнер жеп, жаппай уланып қалды

Балалар медицина қызметкерлерімен бірге санитарлық көлікпен орталық аудандық ауруханаға жіберілді.

Орталық аурухананың қабылдау бөлмесінде мектеп оқушыларының асқазаны шайылып, симптомдық емдеу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, балалардың құрсақ қуысына УДЗ (УЗИ), ЭКГ жасалды, оларды балалар кардиологы, ЛОР дәрігер, невропатолог және психолог қарады.

Ведомство балалар түскен сәттен бастап бақылауда болғанын, уақыт өте жалпы жағдайы жақсарғанын атап өтті. Бүгін таңертең мектеп оқушылары үйіне жіберілді.

Алматы облысының полициясы да тиісті тексеріс жүргізді. Ведомствоның мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 141-бабына (Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін тиісті орындамау) сәйкес алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар
0