Видео

Астана аруы өзі жайында ең қызықты сұрақтарға жауап берді - видео

Жазылу
"Астана аруы-2018" сұлулық байқауының жеңімпазы - 17 жастағы болашақ дизайнер Еркеназ Сейфолла

Жеңісінен кейінгі алғашқы сұхбатында сұлу қыз байқауға дайындық барысында өзге қатысушы қыздармен достасып кеткенін айтты.

"Таң атқаннан, кеш батқанға дейін осы конкурсқа дайындалып, жақсы шоу көрсету үшін аянбадық. Қатты толқып тұрмын, бұл күннің осылай аяқталғанына өте бақыттымын. Достарыма, жақындарыма көрсеткен қолдауы үшін рахмет", — дейді ару.

Еркеназ болашақта жақсы дизайнер болып, модельдік кәсіпті де қатар алып жүргісі келеді.

Бос уақытында сұлу бойжеткен кітап оқығанды жақсы көреді, ең сүйікті туындылары  — "Кішкентай ханзада", "Мұны 20 жасымда неге айтпаған" және "Құпия". 

Сұлулық байқауына қатысуды армандайтын қыздарға Астана аруы өз-өзіне сенімді болып, әрекет етуге және тек алға ұмтылуға кеңес берді.

Жаңалықтар
0