АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Найроби ұлттық паркінде саяхаттап жүрген Ламак Шейх бір табын енекенің (буйвол) қаншырды тұйыққа тіреп, қоршап алған сәтін видеоға түсіріп алды.
56 жастағы куәгердің видеосы YouTube-гі танымал Caters Clips арнасында жарияланды.
Тұзаққа тап болған жыртқыш енекелердің шабуылынан қорқып төмпешікке шығып алған.
Қаншырдың зәре-құты қалмаған, алайда айқаса кетуге дайын тұрғаны байқалады. Шейхтің айтуынша, енекелердің мұндай үлкен табыны арыстанның әрекеті қауіпті деп санаса, оны оңай өлтіреді.
Қорқаулардың торуылына тап болған арыстанға "немере ағасы" көмекке келді
The Daily Mail басылымы жазғандай, жыртқышты өзге екі қаншыр құтқарып алған. Олар енекелердің назарын басқа жаққа аударып тұрғанда, қаншыр қашып құтылыпты.