Оқиға

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін тапаншадан атты

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші және екінші деңгейлі күйік алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды. Оқиға Жетісу ауданында 11 желтоқсанда болған.

Ер адам, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрікті жер аударуды талап етуде

Винтер көшесі бойындағы мекенжайдан "103" нөміріне қоңырау түскен. Фельдшер науқасты қарап жатқанда, жедел жәрдем жүргізушісі көлікте отырған. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, авто басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеді. 

Кейінірек анықталғандай, қастандық жасаған ер адам әуелі үйіне кіріп шығып, жедел жәрдем көлігіне келеді де, белгісіз химиялық затты тапаншамен атады. Салдарынан жүргізуші әртүрлі күйік алған. 

Науқаспен бірге көлікке оралған фельдшер жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетті. Содан соң тағы екі жедел жәрдем көлігін шақырып, науқас пен жүргізушіні ауруханаға жеткізген. Денсаулық сақтау басқарамасы атап өткендей, шабуыл жасаған адам мен оқиға куәгері зардап шегушіге көмектеспепті.

Жүргізушінің беті мен мойыны бірінші және екінші деңгейлі күйік алып, қалалық емхананың күйік бөліміне жатқызылды. Қазір науқастың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында. 

Алматы полиция департаменті "Бұзақылық" қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр, күдікті ұсталған. Ол шабуыл жасағанда газ баллон пайдаланған сияқты.

Жаңалықтар
0