Жүзден аса арулар көздің жауын алатын көйлектер киіп, жүздері бал-бұл жанып, "Әлем аруы-2018" конкурсының ақтық шоуында сахна төріне шықты. Бірақ жауһар тастармен көмкерілген тәж миллиондаған адамның жүрегін жаулаған жалғыз аруға тиесілі.
"Ғалам аруы" байқауында қазақ қызы салмағы 30 келі костюм киіп шықты — видео
Сұлулық патшайымы атағын Мексика елінің өкілі Ванесса Понсе де Леон иеленді. Қыздың жасы 26-да, әйелдерге арналған реабилитация орталықтары желісінде жұмыс істейді, суға сүңгу және бейнелеу өнерімен әуестенеді.
Сұлулық байқауында танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов қазақ тілінде ән шырқады.
"Әлем аруы" шоуының ең айшықты сәттерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

1/17
© REUTERS / Jason Lee
Мексикалық Ванесса Понсе де Леонның жасы 26-да.

2/17
© AFP 2024 / Greg Baker
Көпшілік үшін сұлулық байқауы дегенде финалдық шоу ғана елестейді. Негізінде арулар бір ай бұрын жиналып, әртүрлі сайыстарға қатысып, өздерін жақсы қырынан көрсетуге тырысады.

3/17
© AFP 2024 / Greg Baker
Димаш Құдайберген теңдесіз дауысының арқасында бүкіл әлемге танылды.

4/17
© AFP 2024 / GREG BAKER
"Әлем аруы-2018" байқауында Қазақстан атынан Екатерина Дворецкая қатысты (суретте сол жақта). Бірақ біздің сұлу қыз финалға өте алмаған.

5/17
© AFP 2024 / Greg Baker
Байқауда Димаш қазақ тілінде ән шырқап, жұрттың қошеметіне бөленді

6/17
© AFP 2024 / Greg Baker
Сұлулық байқауына 2018 жылы 118 ару қатысқан.Суретте Шотландия елінің намысын қорғаған Линзи МакЛелланд.

7/17
© REUTERS / Jason Lee
Финалда қыздар әртүрлі ұлттардың киімін киіп, би биледі.

8/17
© REUTERS / Jason Lee
Панама аруы - Солярис Барба.

9/17
© AFP 2024 / Greg Baker
Ямайка аруы Кадия Робинсон мен Мартиника аруы Ларисса Сегарел

10/17
© AFP 2024 / Greg Baker
"Әлем аруы" байқауы 1951 жылдан бері өткізіліп келеді

11/17
© REUTERS / Jason Lee
Таиланд аруы Николин Лимснукан екінші орын иеленді.

12/17
© REUTERS / Jason Lee
"Әлем аруы-2018" байқауы Қытайдың Санья қаласында өтті.

13/17
© AFP 2024 / Greg Baker
"Бәріміз бір-бірімізге керекпіз" - Әлем аруы Ванессаның ұстанымы.

14/17
© REUTERS / Jason Lee
Қыз әйелдерге арналған реабилитация орталықтары желісінде жұмыс істейді, суға сүңгу және бейнелеу өнерімен әуестенеді

15/17
© AFP 2024 / Greg Baker
Ванесса Понсе де Леонға тәжді "Әлем аруы-2017" жеңімпазы Мануши Чхиллар кигізді.

16/17
© REUTERS / Jason Lee
Үздік бестікке Беларусь, Мексика, Таиланд, Уганда және Ямайка елдерінің арулары енді.

17/17
© REUTERS / Jason Lee
Сұлулық патшайымы Мексика елінің өкілі Ванесса Понсе де Леон.
