12 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
12 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды
Ресейде бүгін Конституция күні аталып өтеді. Бұл – Ресейдегі ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Ол мемлекеттің өмір сүруінің, оның заң шығарушы және атқарушы органдары қызметінің негізі болып саналатын құжатқа деген құрметті білдіреді. Конституциядан жоғары құжат жоқ, оған Ресей Федерациясының азаматтары да, басқа субъектілері де бағынады. 1993 жылдың желтоқсан айының басында Конституцияның соңғы нұсқасы қабылданды.
Қазақстанда бүгін Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Мереке кеден қызметінің құрылған күніне орай бекітілген. 1991 жылдың 12 желтоқсанында ведомство өз қызметін бастады. Осы жылдар ішінде Қазақстанның кеден органдары ауқымды даму кезеңін бастан өткерді. Соңғы жаңалықтардың бірі – "Электронды кеден" жүйесінің енгізілуі. Бұдан бөлек "Web-декларант" жүйесі іске қосылды, сонымен бірге мемлекеттік баж салығын пластикалық картамен төлеу мүмкіндігі пайда болған.
Швейцарияда Ту күні тойланады, ал Мексиканың бүкіл діншілдері Мәриям Гваделупа күніне орай Мехико қаласының діни орталығы қақпасының алдына жиналады.
Араб елдерінде Масаил айының Он тоғызыншы күні аталып өтіп, үш бөліктен тұрады – дұға оқу, әкімшілік және әлеуметтік.
12 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1875 жылы Ресейде регуляторсыз доғалақ шам ойлап шығарылды – электр "шамы";
1901 жылы Англияда Үстел теннисі қауымдастығы құрылды;
1955 жылы Ангара өзенінде Братск қаласы бой көтерді;
1961 жылы әлемдегі алғашқы OSCAR-1 әуесқой радио спутнигі орбитаға шықты.
12 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1958 жылы Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің үшінші он күндігі өтті;
2013 жылы халық ақыны әрі әншісі Кенен Әзербаев ескерткішінің ашылу салтанаты болды;
2014 жылы жаңартылған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ музей ашты.
12 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1821 жылы XIX ғасырдың ең мықты еуропалық жазушыларының бірі, француз прозаик-реалист жазушысы Гюстав Флобер дүниеге келді. "Мадам Бовари" романының авторы ретінде көпшілікке танымал (1856);
1915 жылы америкалық актер, әнші әрі шоумэн Фрэнк Синатра дүниеге келді. Тоғыз рет "Грэмми" сыйлығының лауреаты болған;
1925 жылы кеңестік және ресейлік композитор Владимир Шаинский дүниеге келді. Чебурашка мен Крокодил Гена туралы мультфильмдердің музыкасын жазған;
1928 жылы қырғыз жазушысы, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының халық жазушысы Шыңғыс Айтматов дүниеге келді;
1946 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әртісі, сықақшы Клара Новикова дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (1992), Ресейдің халық әртісі (1997);
1977 жылы КВН ойыншысы, "Наша Russia" жұлдызы Сергей Светлаков дүниеге келді.
12 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1929 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Қасым Жәкібаев дүниеге келді;
1954 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев өмірге келді;
1960 жылы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед дүниеге келді;
Ай күнтізбесі
Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бұл азғыру күні болмақ. Үш ұйықтасаңыз да, түсіңізге кірмеген жайттар болуы мүмкін, қиялыңызға мұқият болыңыз. Бұл күні тағдырды болжап білу мүмкін емес, таңдаған жолыңыз қайда апаратыны беймәлім.