Өңірлер

"Құдай сақтаған": Петропавлда жаяу жүргінші өлім аузынан қалды - видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуБағдаршам
Бағдаршам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаяу жүргінші қатты жылдамдықпен тротуарға шығып кеткен көліктің астына түсе жаздады

ПЕТРОПАВЛ, 11 желтоқсан — Sputnik. Петропавл орталығында жол апаты болып, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып, ағашқа бір-ақ соғылды. Ол жолдан өткелі тұрған адамды қағып кете жаздаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты сейсенбі күні Жұмабаев және Абай көшелерінің қиылысында болды. Бақылау камераларына түскен видео әлеуметтік желілерде жарияланған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлағандай, көлік апаты "Тойота Камридің" бағдаршам сары жанғанда қиылыстан өтуі салдарынан болған екен. Басқа көлікке соғылмас үшін, жүргізуші рөлді шұғыл бұрып, тротуарға шығып, ағашқа соғылады. 

"Жүргізуші мас болмаған, жол ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп мәлімет берді полиция.

Көлік тротуарда тұрған жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған. Жүргізуші мен жолаушы зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0