Қоғам

Келесі жылы ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы өседі

© РГП "ЦОН"ХҚКО
ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы бәрінде бірдей – 75 мың теңге

АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда орташа жалақы көбейіп, 160 мың теңгеге жуықтады

Оспановтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің айлығы бірнеше жыл бойы көтерілмеген. Қазір қатардағы қызметкерлердің бәрінде жалақы бірдей – 75 мың теңге. Келесі жылдан бастап барлық өңірде жалақыны көтеру жоспарланып отыр. 

"Астана, Алматы мен Шымкентте 15 мың теңгеге көтереміз, яғни қазір оларда 75 мың теңге болса, келесі жылы 90 мың теңгені құрайды. Ал басқа жай қалаларда 10 мың теңге, аудандарда 5 мың теңгеге өсіреміз", — деді Оспанов.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында 10 мың қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысын 30 процентке көбейту үшін қосымша  6 миллиард теңге қажет.

Жаңалықтар
0