АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Францияның Бордо қаласында наразылық білдірушілер Apple дүкеніне баса-көктеп кіріп, барлық тауарды алып кетті.
"Сары жейделер" қозғалысының демонстранттары MacBook, iPhone және iPad-тың соңғы үлгілері қойылған сөрелерді тонаған.
Оқиғаның видеожазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Париждегі тәртіпсіздіктердің алдыңғы толқыны кезінде Apple Opéra дүкені мен оның Елисей алаңдарындағы жаңа флагмандық бөліміне шығын келгені белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Франциядағы тәртіпсіздіктер 2018 жылдың 17 қарашасында басталды.
"Сары жейделер" қозғалысының демонстранттары ел үкіметінен бензин бағасын төмендетуді талап етті, ал кейін олардың талабы көбейді.