АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы басталғалы бері жарты жылдай уақыт ішінде бес мыңнан астам өтініш қабылданған.
"10 желтоқсандағы ахуал бойынша 62,1 миллиард теңге немесе 167,9 миллион доллар қарыз алу үшін 5 298 өтініш түсті. Олардың ішінде 40,7 миллиард теңгеге немесе 110 миллион долларға 3 391 өтініш қанағаттандырылды", — деп хабарлайды Ұлттық банк.
Бағдарлама операторы Ұлттық банктің еншілес компаниясы — "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ әр он күн сайын аралық қорытынды шығарып отырады.
Қазақстандықтарға баспана алу үшін 1 миллион теңге беріледі
Алғашқы жеті қарыз 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді.
"7-20-25" бағдарламасының шарттары қандай?
"7-20-25" жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша қарыз беру 4 шілдеден басталды. Бағдарлама шарттары: сыйақы мөлшерлемесі — 7%, жарна — 20%, несиені өтеу мерзімі — 25 жыл.