Қоғам

Вице-министр: дүйсенбіден бастап Whatsapp-та мұғалімдер тобы ашылады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp
WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасы талқыланды

АЛМАТЫ, 8 желтоқсан — Sputnik. Дүйсенбіден бастап Whatsapp желісінде мұғалімдерге арналған топ ашылып, оған "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасының сілтемесі жіберіледі. Бұл туралы заң жобасын талқылауға арналған жиында ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты, деп хабарлады  тілшісі. 

"Заң жобасын әзірлеуге ғалымдар, мұғалімдер мен барлық облыстан мектеп директорлары мен депутаттардан құралған 78 адамнан арнайы комиссия құрылды. Бір айдан бері заңды талқылай келе, сіздерге таныстыруды жөн көрдік", – деді Суханбердиева.

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады

Оның айтуынша, ҚР білім және ғылым министрлігінің сайтына Қазақстанның барлық аймағынан 814 жуық ұсыныс келіп түскен.

"Министр еліміздегі 300 мыңнан аса мұғалімнің барлығын осы заңмен таныстыруды жүктеді. Дүйсенбіден бастап Whatsapp желісінде мұғалімдерге арналған топ құрылады, барлық мұғалім танысуы үшін оған заң жобасының сілтемесін жібереміз. Әр мұғалім арнайы нөмірге өз ұсынысын жазып қалдыра алады", – деп атап өтті ол.  

Суханбердиева мұғалімдерден тыңдап қана қоймай, өз пікірін айтуды сұрады. 

Жиналған мұғалімдер бірнеше ұсыныс жасады: жас мамандарды жермен, пәтермен қамту; мұғалімдерді қосымша жұмыстармен орынсыз мазаламау; мұғалім мен ата-ананың міндетін, құқығын арттыру; заң жобасында ЖОО оқытушысы мен мектеп мұғалімі деп бөліп қарастыру; университетті аяқтап келген жас маманның жалақысын арттыру; біліктілікті тексеру арналған тесттерді алып тастау ұсынылды. 

Оқушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты

"Мұғалімнің біліктілігін тексеруге арналған тест мұғалімнің мысын басады және тестен өте алмаған мұғалім мектепте жұмыс істемеуі керек пе?" деген сауал қойылды.  

Министрлік өкілдерінің  айтуынша, мұғалім біліктілік тестін тапсырып, жақсы нәтиже көрсетпейінше қайта-қайта тапсыра береді. 

"Ол заңнан алынып тасталмайды. Мен өткен жылы Алматыда өткен мамыр айындағы тестке келдім. Арыз айтқандар болған жоқ. Ұсыныстар ескерілді", – деп нақты жауап берді вице-министр.

Жаңалықтар
0