Қоғам

Болат Назарбаевтың ұлы басшылық қызметке тағайындалды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфелдің архивтегі фото
Портфелдің архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрбол Назарбаев ұлттық спорттың жандануына, оның ішінде бәйге саласын қарқынды дамытуға үлес қосады

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Нұрбол Назарбаев  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті және республикалық "Бәйге" федерациясының  президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Алматыда өткен "Көшпелілердің атқа міну мәдениеті" атты алқалы жиында белгілі болды.

Жұлдыз Омарбекова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қазақстан аруы" қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған жиынға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков және еліміздің белгілі атбегілері қатысты. 

Жиынды ашқан Б. Тілеухан: "Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсінеміз" деді.  

Атбегілер Елбасы мақаласы ұлттық спорттың жандануына, оның ішінде бәйге саласының қарқынды дамуына көптеген мүмкіндік туғызады деген пікірлерін білдірді. 

Жиын соңында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы  құрылтайшыларының жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, Нұрбол Болатұлы Назарбаев ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті және республикалық "Бәйге" федерациясының  президенті болып тағайындалды. 

Нұрбол Назарбаев бірнеше жыл ішкі істер, прокуратура салаларында жұмыс істеген, кәсіпкер.


Жаңалықтар
0