АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты оқушылар үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсанда Зырян ауданында термометр 38 градусқа дейін төмендегендіктен, бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушылары сабаққа бармаған.
Шемонаиха ауданында температура —33 градусқа жетті, осыған байланысты 7 желтоқсанда бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-ші және 2-ші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.