Өңірлер

Күн жылынады. Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

© Photo : https://pixabay.com/ru/users/stafichukanatoly-3558116/қыс
қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
8-10 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамы

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды. 

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
Қазақстан аумағының үлкен бөлігі бұрынғыша Сібір антициклонының ықпалында болса да, тропосферадағы ауа ағындары өз бағытын солтүстіктен батысқа ауыстыра бастады. Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі. 

Орталық Азия бойынша Жерорта теңізінің шығысынан циклондар жылжиды, осыған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ болады.

Сондай-ақ республиканың батысында атмосфералық фронттардың ықпалынан қар жауады, тұман және көктайғақ болады. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда температура төмендейді.

Жаңалықтар
0