Өңірлер

Алматы әкімі отбасы жайлы кімдер қауесет таратып жүргенін ашық айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновБауыржан Байбек
Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бауыржан Байбек қала халқы арасында тараған түрлі қауесет-сыбыстарды жоққа шығарды

АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзі және отбасы жайлы тараған түрлі қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі. 

Оның айтуынша, қалада тәртіп орнатыла бастаса, мүдделі тұлғалар әртүрлі қауесет таратып, өздерінің қарсылықтарын білдіріп жатады. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады

"Заңсыз тұрған дүңгіршектерді сүре бастасақ, "әкім өзінің дүңгіршектерін орнатқысы келеді" дейді. Жолдарды жөндесек, "бордюр мен плита зауыттары әкімге тиесілі" деп шығады. Сондықтан біз мердігерлерден құрылыс материалдарын қандай зауыттардан алатыны туралы ақпаратты жариялауды талап етіп отырмыз",- дейді әкім ОКҚ-де өткен брифингте. 

Байбек кейбір құрылыс материалдарының екінші рет пайдаланылатынын да атап өтті. 

"Тіпті, ескі асфальттың өзін жолға төгу үшін пайдаланамыз. Қоршау өз иесінде қалады, ал трамвай рельстері мен ескі вагондар, сіздер білесіздер, ашық электронды сауда-саттық арқылы сатылады", — деді қала басшысы. 

Сондай-ақ, ол ақылы автотұрақтарға қатысты тараған өтірік әңгімеге де тоқталды. 

"Автотұрақтарды менің отбасым иеленіп алған деген қауесет шығарды. Менің ойымша, мұны заңды жұмыстың жүргізілмегенін қалайтындар жасап отыр. Осы әрекеттері арқылы олар әкімдікке қысым көрсетіп, онсыз да қиын көлік реформасын жүргізуге кедергі келтіргісі келетіні анық", — дейді Байбек.


Жаңалықтар
0