Әлем

Спитак қаласы 30 секунд ішінде қирап қалды: 1988 жылғы зілзаланың видеосы

© Sputnik / Р. Мангасарян / Медиабанкке өту1988 жылғы жер сілкінісі: бірегей кадрлар
1988 жылғы жер сілкінісі: бірегей кадрлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табиғи апат салдарынан 25 мың адам өліп, 140 мыңы мүгедек болып қалды

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. 1988 жылы Арменияда он мыңдаған адамның өмірін қиған жойқын жер сілкінісі болды. Спитактағы үйінділерді қалай аршығанын видеодан көріңіз. 

Арменияның солтүстік-батысында 7 желтоқсан күні жойқын жер сілкінісі болды. Спитак қаласы 30 секунд ішінде жермен-жексен болды. Сондай-ақ, табиғи апат салдарынан 58 ауыл қирап, 21 қала мен 350 ауыл зардап шекті.

Ресми деректер бойынша 25 мың адам өліп, 140 мыңы мүгедек болып қалды, 500 мың адам баспанасынан айырылды.

Жер сілкінісінің зардаптарын жоюға бұрынғы КСРО-ның барлық республикасынан әскерилер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмылдырылды. 


Жаңалықтар
0