Қоғам

Астанада он мыңдаған адамның пәтерін жалға беруге құқы жоқ екені анықталды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 22 мыңға тұрғын азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Астанада 25 мың пәтер рұқсат құжаттарынсыз жалға беріледі. 

Құқық бұзушылар туралы ақпарат қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Үйдің кілті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда пәтерді заңсыз жалға беретіндердің басына қара бұлт үйірілді

Астана қаласы полиция департаментінде "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды.  

"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы барысында учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық пәтер мен 30 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. 

Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 11 мыңға жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 16 мыңға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді. 

"Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 25 мыңға жуық пәтер тіркеліп, олардың әрқайсысы туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді", — делінген хабарламада. 

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 22 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Учаске" ЖАІ 5 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында өткізілді.


Жаңалықтар
0