Өңірлер

Екі жасар қыз "колбасадан" көз жұмды: тергеу қорытындысы шықты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуЖансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер науқас бүлдіршіннің халін дұрыс бағаламаған – тергеуден кейін осындай қорытынды шығарылды

КӨКШЕТАУ, 7 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында екі жасар қыздың өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 20 қазанда Бурабай ауданында екі жасар қыздың қазасынан кейін тергеу жүргізген.

"Баланың өліміне шұжық өнімінен улану себеп болды деген дерек расталмады. Мәйітті сою нәтижесі көрсеткендей, жіті ротавирустық жұқпаның асқазан мен ішекті зақымдауы салдарынан ағза қатты уланып, сәби көз жұмған", — деп мәлімет берді ведомство.

Департамент түсіндіргендей, дәрігерлердің іс-әрекетінде кемшіліктер анықталған. Дәлірек айтқанда, баланың халін дұрыс бағаламау, медициналық жәрдемнің сапалы орындалмауы, жеткіліксіз емдік шаралары.

Шұжық өндіру, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Екі жасар қыз шұжықтан уланып көз жұмды: өнімге сараптама жүргізілді

"Тексеру материалы Бурабай ауданы полициясы мен денсаулық сақтау басқармасына жіберілді", — деп хабарлайды ведомство.

Естеріңізге салар болсақ, Бурабай ауданы ауруханасына 17 қарашада үш бала түскен. Үш тәуліктен соң екі жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Өлімнің бастапқы себебі шұжықтан улану деп аталғанымен, кейінірек бұл ақпарат расталмады.

Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, қыз баланың өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0