Қоғам

Тоқаев Үлкен Алматы көлінде коньки тепкен қызға қолдау білдірді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы таулары
Алматы таулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат спикері табиғатты аялау керектігін атап өтті

АЛМАТЫ, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан парламентінің сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter аккаунтында Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкратованың фотосын жариялап, оның Қазақстан табиғатын қорғау туралы пікірін қолдайтынын жазды.

Ксенияның Үлкен Алматы көлінде түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан соң шыққан шу туралы БАҚ-тан оқып білген Қасым-Жомарт Тоқаев қыздың табиғатты қорғау керек деген ойына қосылатынын жазды.

"Алматылық қыздың табиғаты ерекше қорықтарды қоқыспен ластамау керек деген үндеуін қолдаймын", - деп жазды ол Twitter желісінде.

коньки - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үлкен Алматы көлінде түсірілген видео желіні "жарды" – сұлу қыздың биі кімге жақпады?

Ксения Панкратованың видеосына қатысты жұрттың пікірі екі түрлі: біреулер қыздың сұлулығы мен өнеріне тәнті болса, басқалары Алматы қаласын сумен қамтып отырған көлді ластады деп айыптады. Жағымсыз пікірлер толастамаған соң мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасын жауып тастауға мәжбүр болыпты.

5 желтоқсанда , Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанауға болмайтынын түсіндіріп, ауызша ескерту жасады.

Ал бір жарым миллионнан астам адам тамашалаған видеоролик америкалық телеарналардың бірінің назарына түсіпті.

Жаңалықтар
0