Әлем

Студент 37 мың доллар тауып алды: оқиғаның жалғасы елді таңғалдырды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДоллар, архивтегі фото
Доллар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пакетте ақшадан бөлек чек болған, қос құрбы бұл "қазынаның" иесін табуға мүмкіндік беретінін түсінген

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Грузияда Тбилиси мемлекеттік медицина университетінің екінші курс студенті серуендеп жүріп 37 мың доллар тауып алды. Бұл туралы Sputnik Грузия хабарлады. 

Мұндай "бақытқа" кенелген Карина есімді студент өзінің тегін жария еткісі келмеді. 21 жастағы қыздың айтуынша, 28 қараша күні университеттен қайтып келе жатып, әдемі ағашты байқап қалады да, оны суретке түсіріп алу үшін жақынырақ барған.

Такси - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 70 жастағы әжей таксиде 6 миллион теңгесін тастап кетті

"Жақындай  келе жерде ақ пакет жатқанын көрдім. Ішінде доллар бар деп ойлаған жоқпын. Қасымда курстасым бар еді, екеуміз де есеңгіреп қалдық. Көп ойланбай, бұл туралы полицияға хабарлауды жөн көрдік", — дейді Карина.

Пакетте ақшадан бөлек чек болған, студенттер бұл "қазынаның" иесін табуға мүмкіндік беретінін түсінген. Қыздардың ойы дұрыс болып шықты: полиция чектің көмегімен ақшаның иесіне хабарласқан.   

"Ол қатты қуанып кетіп, алғысын жаудырды. Ақша салынған пакетті күртесінің ішкі қалтасына салғанын айтты, түсіп қалғанын байқамай қалған. Ал қомақты ақшаны үйін сатып алған адамнан алған екен", — деп атап өтті Карина.

Қыз өз ісіне мүлдем өкінбейтінін мәлімдеді. 

"Мен бұл ақшаны алып кете алмадым, өйткені ол маған тиесілі емес…", — деді Карина.

Осылайша, қыздың адалдығы мен мейірімділігінің арқасында Тбилисиде бір бақытсыз адам азайды, деп түйіндеді агенттік.  


Жаңалықтар
0