Өңірлер

Павлодар облысының бір ауданында төрт мешіт жабылды

© Sputnik / Тимур БатыршинМешіт
Мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысын тоқтатқан мешіттер заңды тіркеуден шығарылып, алдағы уақытта намазхана ретінде тіркелмек

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Мүфтият Павлодар облысының Аққулы ауданына қарасты Қазы, Малыбай, Шақа және Қызылқоғам ауылдарындағы мешіттердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Аталған ауданнан бөлек, Ақтоғай ауданындағы Айтым, Шолақсор, Тереңкөл ауданындағы Жасқайрат және Шарбақты ауданындағы Малиновка ауылдарындағы ғибадатханалардың жұмысы тоқтатылмақ. Бұл туралы облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Зәкәриянов мәлімдеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.  

Ер адам намаз оқып отыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шығыс Қазақстандағы ғасырдан астам тарихы бар мешіт құлағалы тұр

"Бұл аталған шалғай ауылдардағы халық санының азаюына байланысты туындаған объективті жағдай, — деп түсіндірді Дәулет Зәкәриянов. – Жабылған мешіттерді заңды тіркеуден шығарып, алдағы уақытта оларды намазхана ретінде тіркеуді жоспарлаудамыз. Дейтұрғанмен, діни орындарды салу бастамалары көптеп түсуде"

Дәулет Зәкәрияновтің айтуынша, Ақсу қаласына қарасты Ақсу кенті және Еңбек ауылдық аймағы, Шарбақты ауданына қарасты Арбиген ауылдарында мешіт құрылыстары аяқталуға жақын. Сонымен бірге, таяуда Май ауданы Малайсары ауылында ескісінің орнына салынған жаңа мешіт пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, биыл өңірде жаңа православ приходы ашылды. Иоанн-предтеча деп аталатын бұл діни орын Шарбақты ауданы Орловка ауылында пайдалануға берілді.  

Айта кетейік, қазіргі кезде облысымызда түрлі діндердің 135 ғибадатханасы –  94 мешіт, 19 православ шіркеуі, 4 католик шіркеуі, 17 протестант сыйыну үйі және бір иудей синагогасы жұмыс істейді.


Жаңалықтар
0