АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Танымал ресейлік сықақшы Азамат Мұсағалиев ұлты әзірбайжан қазақстандық танымал рэпер, Jah Khalib деген атпен белгілі Бақтияр Мәмедовке пародия жасады.
"Қыздың жүрегін ешқандай шығынсыз, оп-оңай жаулап алу" туралы ән ТНТ арнасындағы "Однажды в России" шоуының эфиріне шыққан. Пародияның үзіндісін бағдарлама қатысушыларының бірі Александр Пташенчук әлеуметтік желіде жариялады.
Бұдан бұрын Мұсағалиев Скриптонитке пародия жасаған болатын.
Сәрсенбі күні қазақстандық рэп-музыкант Jah Khalib-тің 2018 жылы шыққан E.G.O. альбомы Apple Music версиясы бойынша Ресейдің үздік ондығында көш бастады. Сонымен бірге қазан айының соңында рэпер "Золотой граммофон" сыйлығының иегері атанған.
25 жастағы әртіс Jah Khalib-тің шын есімі – Бақтияр Мәмедов. Ол 1993 жылы 29 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әкесі – әзірбайжан, анасы – қазақ. Музыкалық мектепте саксофон сыныбында білім алған, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында музыкатану және менеджмент факультетінде оқыды. "Лейла" әні арқылы атағы шыққан.