Өңірлер

Түркістанда туыстарын әбігерге салған қалыңдықтан жігіті бас тартты

CC0 / / Қыз, иллюстративті фото
Қыз, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасылық ұрыс-керіс кезінде үйден кетіп қалған қыз тойсыз қалды

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Түркістан облысында осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен қос құрбы аман-есен үйіне оралса да, біреуінің 15 желтоқсанға жоспарланған үйлену тойы өтпейтін болды.

Қыз қайыққа қарап тұр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Үйлену тойының алдында жігіті тастап кеткен қыз дүйім жұртты таңғалдырды

Себебі, жігіттің ата-анасы оның үйден қашып, жоғалып кеткені үшін келін қылудан бас тартқан.

Айта кетейік, қос құрбының хабар-ошарсыз кеткенін қыздардың туыстары "Алматы" арнасына хабарлаған. Ағасының айтуынша, олар Жамбыл облысының Отар стансасындағы әскери бөлімде жұмыс істеп жүріпті. 

Телеарнадан көрсетілген материалдан кейін жұмыс беруші қос қыздың жақындарына олардың аман әрі жұмыс істеп жүргенін хабарлаған. Қыздардың мұндай қадамға баруына отбасылық ұрыс-керіс себеп болыпты.  

Жаңалықтар
0