Экономика

310 мың теңге. Жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда ең жоғары жалақыны Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана тұрғындары алады

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Биыл III тоқсанның соңында орташа айлық жалақы бір жылда 9,3% өсіп, 161,8 мың теңгені құрады. Өткен жылы осы уақытта орташа айлық жалақы 148 мың теңге болған еді. Соңғы бес жыл ішінде 2016 жылы жалақы ең көп — 13,3%-ке өсіп, нақты жалақы индексі 96,7% болды, деп хабарлайды finprom.kz сайты. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді
Биыл нақты жалақы индексі 103,1%-ті құрап, тұрғындардың сатып алу қабілеті артты. 2017 жылы жалақының нақты құны инфляция салдарынан 2%-ке төмендеді.

2018 жылдың III тоқсанының соңындағы жағдай бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында  — 310,6 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (275,9 мың теңге) 12,6%-ке көп. Екінші орында орташа айлық жалақы 4,8%-ке артып, 260,6 мың теңгеден 273,2 мың теңгеге жеткен Маңғыстау облысы тұр. Үшінші орында — Астана қаласы, елорда тұрғындарының орташа айлық жалақысы 8,1%-ке өсіп, 240,7 мың теңге болды. 

Орташа айлық жалақысы бәрінен төмен өңірлер үштігіне Түркістан (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (110,9 мың теңге) және Жамбыл облыстары (111 мың теңге) кірді.

III тоқсанның соңында орташа айлық жалақы тек төрт өңірде ғана Қазақстандағы орташа мәннен көтерілді. Орташа жалақысы ең көп және ең аз өңірлердегі (Атырау мен Түркістан облыстары) айырмашылық 211,7 мың теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: 

Орташа жалақы мөлшерінің өсімі ең көп үштікке Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%) кіреді.

Жаңалықтар
0