АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Астанада қаңтар-қазан айларында 27 998 бала жарық дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңа туған нәрестелер арасында ең танымал есім Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан, 387 қызды Медина деп атаған.
Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.
Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.