Өңірлер

Баланың миы шайқалып, беті тілінген: балконнан банка лақтырған әйел сотталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуҮй
Үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам баланың моральдық және материалдық шығынын өтеуі тиіс

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Семейдің №2 қалалық сотының үкімімен тұрғын әйел 700 мың теңгедей өтемақы төлеуге міндеттеліп, жарты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 10-қабаттағы балконда тұрып, үш литрлік банканы қолынан түсіріп алыпты.

Баланы құтқару - Sputnik Қазақстан
Видео
Бесінші қабаттағы балконнан салбырап тұрған бала құтқарылды - видео

39 жастағы сотталушы Наталья Сергееваның сөзіне сүйенсек, ол мұны әдейі жасамаған, жазатайым оқиға екен, деп жазады Altaynews.kz.

Әйелдің айтуынша, төтенше жағдай күні балконда үш литрлік банканың ішіндегі жұмыртқаның қабығын қағып түсірмек болғанда, абайсызда қолынан шығып кетеді. Салдарынан банка төмендегі үш баланың бірінің басына құлаған.

Тоғыз жастағы бала қатты жарақат алады. Миы шайқалып, әйнек бетін тілгілеп тастаған. Жарақат ізі өмір бойы кетпейтінін ескеріп, сарапшылар оқиғаның салдарын денсаулығына ауыр зиян келтіру деп бағалады.

Ал отбасының адвокаты хабарлағандай, сотталушының сөзі жалған, мұны тергеу амалдарынан байқауға болады.

Мұз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда әйел басына мұз түсіп көз жұмды — видео

"Банканы байқаусызда түсіріп алса, ол жерге жетпес еді. Балалар отырған жер 9 метр 80 сантиметр қашықтықта болған. Әдейілеп лақтырғанда ғана балаларға тиетін еді. Біздіңше, сотталушы мұны қасақана жасаған", — дейді жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірхан Сейілбаев.

Үкім шығарған кезде сот оқиға күні әйел адамның мас болғанын ескерді.

Әйел алты айға бас бостандығынан айырылып, моральдық және материалдық шығын ретінде 663 мың сома төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтар
0