Қоғам

"Астанаэнергосервис" елордалықтарды абай болуға шақырды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуШам, архивтегі фото
Шам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
"Астанаэнергосервис" компаниясы электр желілерін ауыстыру қызметін ұсынатын "Энергосервис KZ" ЖШС-ның өздеріне қатысы жоқ екенін ескертті

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. "Астанаэнергосервис" АҚ пәтерлерде электр желілерін тексеріп, ауыстырумен айналыспайды. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.

Ноутбук, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды

"Елорда тұрғындары біздің компаниялардың бірінің жұмысына бірнеше шағым түсірді. Ол ұйымның атауы біздің компаниямыздың атауына ұқсас, электр желілерін тексеріп, ауыстырумен айналысады. Бұл ұйымның "Астанаэнергосервис" АҚ-на қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Біздің компания пәтерлерде электр желілерін тексеріп, ауыстырмайды", — деп жазылған компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, "Астанаэнергосервис" АҚ компаниялар тобы жылу және электр энергиясын өндіру және тасымалдау жұмыстарымен айналысады.

Тұрғындардың айтуынша, өрт қауіпсіздігі үшін сымдарды ауыстыру бойынша қызметтер ұсынып, ауыстырмаған жағдайда өрттің шығуына себеп болатындығын айтып қорқытады. Көбінесе балалардан, немерелерінен және зейнеткерлердің өздерінен шағымдар түседі.

"Астанаэнергосервис" АҚ құжаттарды тексеруге, электр желілерінің ақаулығына куә болмайынша, қызметтерге келіспеуге, қызмет ұйымына немесе коммуналдық қызметке хабарласуға және күдік туындаған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

 

Жаңалықтар
0