Өңірлер

Сібір антициклоны әсер етеді. Қазгидромет үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

© Sputnik / Мария Никитич / Медиабанкке өтуаяз
аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6-8 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамы

АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
"Күшті антициклон Красноярск аймағының оңтүстігіне ығысып, оның батыс бөлігі Қазақстанның батысынан басқа облыстардың ауа райына әсерін тигізетін болады. Әдетте, антициклон ықпалынан ауа райы суық және жауын-шашынсыз болады, сондықтан алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болады және ауа температурасы шамалы көтеріледі. 

Жаңалықтар
0