АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы әрі Хорватия құрамасының үздік ойыншысы Лука Модрич "Алтын доп" сыйлығын иеленді.
Мараптатты France Football француз журналы ұсынды. Салтанатты рәсім дүйсенбі күні Франция астанасында өткен, деп жазады Р-Спорт.
Атап өтсек, Лука Модрич биыл "Реал" құрамында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, Хорватия командасымен Ресейдегі әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, турнирдің үздік ойыншысы болды.
Айтпақшы, 11 жылда алғаш рет аргентиналық футболшы Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду "Алтын доптан" құр қалып отыр, олар 2008 жылдан бері әрқайсысы бес рет сыйлық иегері атанған.
30 үміткер ішінде "Алтын доптың" үздік бестігі:
- Лука Модрич, ("Реал");
- Криштиану Роналду ("Реал"/"Ювентус");
- Антуан Гризманн ("Атлетико");
- Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен");
- Лионель Месси ("Барселона").
"Алтын доп" сыйлығын France Football журналы 1956 жылдан бері Еуропаның ең үздік жыл ойыншысына ұсынып келеді.