Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Құралай көз, қолаң шаш..." Кеңес дәуіріндегі қазақтың ең сұлу актрисалары - фото

Жазылу
Бұл сұлу ханшайымдар киноға алғаш түскеннен бастап кеңес заманындағы Қазақстан көрермендерінің жүрегін жаулап алды

"Құралай көз, қолаң шаш, алма мойын қиғаш қас…" Қай заманда болмасын актрисалар әсемдіктің символы болып, мыңдаған табынушылары үшін мінсіз сұлулық иесі атанады.

Кеңес дәуіріндегі кино жұлдыздары кімдер? Кеңестік Қазақстанда танымал атанған арулардың ең үздік рөлдері қандай?

Осы архив суреттер арқылы КСРО заманында әйгілі болған қазақ қыздарын еске түсірейік. Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан білесіз.

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуМеруерт Өтекешева – "Қыз Жібек" ("Қазақфильм", 1972) фильмінде басты рөлді сомдаған. Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков экранға алып шыққан ғашықтық хикаясы көрермендер жүрегінен орын тапты.
Меруерт Өтекешева - Sputnik Қазақстан
1/10
Меруерт Өтекешева – "Қыз Жібек" ("Қазақфильм", 1972) фильмінде басты рөлді сомдаған. Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков экранға алып шыққан ғашықтық хикаясы көрермендер жүрегінен орын тапты.
© Sputnik / Медиабанкке өтуБұл музыкалық комедияның әндері әлі күнге дейін халық ауызында. Басты рөлді сомдаған Лола Әбдікәрімованың жұрттың көңілінен шыққаны сонша, оның образына еліктегендер көп болды. Ғалияның ("Қыз бен жігіт", 1955 жыл) ұзын бұрымы, күміс көмей дауысы, қылығы, өткір тілі және ақ көңілділігі мен ашықтығы - әлбетте, мұндай қызға кімде-кімнің ұқсағысы келеді.
Лола Әбдікәрімова - Sputnik Қазақстан
2/10
Бұл музыкалық комедияның әндері әлі күнге дейін халық ауызында. Басты рөлді сомдаған Лола Әбдікәрімованың жұрттың көңілінен шыққаны сонша, оның образына еліктегендер көп болды. Ғалияның ("Қыз бен жігіт", 1955 жыл) ұзын бұрымы, күміс көмей дауысы, қылығы, өткір тілі және ақ көңілділігі мен ашықтығы - әлбетте, мұндай қызға кімде-кімнің ұқсағысы келеді.
© Sputnik / Н. Демешев / Медиабанкке өту"Ән қанаты" фильміндегі ("Қазақфильм", 1966 жыл) Сәбираның рөлін Торғын Тасыбекова сомдаған – бұл Қазақстан киносының алтын қорына енген айшықты образдардың бірі.
Торғын Тасыбекова - Sputnik Қазақстан
3/10
"Ән қанаты" фильміндегі ("Қазақфильм", 1966 жыл) Сәбираның рөлін Торғын Тасыбекова сомдаған – бұл Қазақстан киносының алтын қорына енген айшықты образдардың бірі.
© Sputnik / Медиабанкке өтуБаян Әділова – бұл сұлу қыз "Алдар көсе" ("Қазақфильм", 1965 жыл) картинасындағы рөлімен есте қалды. Киноның режиссері – Шәкен Айманов.
Баян Әділова - Sputnik Қазақстан
4/10
Баян Әділова – бұл сұлу қыз "Алдар көсе" ("Қазақфильм", 1965 жыл) картинасындағы рөлімен есте қалды. Киноның режиссері – Шәкен Айманов.
© Sputnik / Н. Демешев / Медиабанкке өтуҚазақ кинематографының жұлдызы Шолпан Алтайбаева бірнеше рөлі арқылы танымал болып, сұлулықтың символына айналды. "Ата-бабалар жері", "Ән қанаты", "Тақиялы періште" – актерлік шеберлігімен бұл фильмдердің көркін ашқаны сөзсіз. Суретте: Шолпан Алтайбаева "Ән қанаты" фильмінде (Режиссері Әзербайжан Мәмбетов, "Қазақфильм", 1966 жыл) Лейла рөлінде.
Шолпан Алтайбаева - Sputnik Қазақстан
5/10
Қазақ кинематографының жұлдызы Шолпан Алтайбаева бірнеше рөлі арқылы танымал болып, сұлулықтың символына айналды. "Ата-бабалар жері", "Ән қанаты", "Тақиялы періште" – актерлік шеберлігімен бұл фильмдердің көркін ашқаны сөзсіз. Суретте: Шолпан Алтайбаева "Ән қанаты" фильмінде (Режиссері Әзербайжан Мәмбетов, "Қазақфильм", 1966 жыл) Лейла рөлінде.
© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуГүлфайруз Ысмайылова – танымал суретші, бірақ қылқалам шебері ретінде ғана емес, бірнеше фильмге түсіп отандық кинематографқа қосқан теңдессіз үлесінің арқасында есімі тарихта қалды. Суретте: "Ботагөз" фильмінен кадр, 1957 жыл.
Гүлфайруз Ысмайылова - Sputnik Қазақстан
6/10
Гүлфайруз Ысмайылова – танымал суретші, бірақ қылқалам шебері ретінде ғана емес, бірнеше фильмге түсіп отандық кинематографқа қосқан теңдессіз үлесінің арқасында есімі тарихта қалды. Суретте: "Ботагөз" фильмінен кадр, 1957 жыл.
© Sputnik / Галина Кмит / Медиабанкке өтуАбдола Қарсақбаевтың "Даладағы қуғын" (1979 жыл) фильмінде Айгерім есімді жас қыздың рөлі Гүлнара Досматованың актрисалық мансабындағы алғашқы баспалдақ болды. "Тоғысқан тағдырлар" және "Қара шегіртке" телехикаяларындағы бейнесін көрермен жылы қабылдады.
Гүлнара Досматова - Sputnik Қазақстан
7/10
Абдола Қарсақбаевтың "Даладағы қуғын" (1979 жыл) фильмінде Айгерім есімді жас қыздың рөлі Гүлнара Досматованың актрисалық мансабындағы алғашқы баспалдақ болды. "Тоғысқан тағдырлар" және "Қара шегіртке" телехикаяларындағы бейнесін көрермен жылы қабылдады.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өту"Менің атым Қожа" фильміндегі сүйкімді мұғалима бәрінің есінде шығар? Театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова ерекше дарыны және мінсіз сұлулығының арқасында халықтың жадында мәңгі сақталады.
Раиса Мұхамедиярова - Sputnik Қазақстан
8/10
"Менің атым Қожа" фильміндегі сүйкімді мұғалима бәрінің есінде шығар? Театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова ерекше дарыны және мінсіз сұлулығының арқасында халықтың жадында мәңгі сақталады.
© Sputnik / Георгий Тер-Ованесов / Медиабанкке өтуНаталья Орынбасарованың ерекше келбеті мен актерлік дарынын режиссерлердің байқамауы мүмкін емес еді. Кеңестік актриса қысқа уақыт ішінде өз заманының ел аузында жүрген хас сұлуына айналды. "Алғашқы ұстаз", "Мәншүк туралы жыр", "Нанның дәмі" және тағы басқа көптеген фильмдерге түскен.
Наталья Орынбасарова - Sputnik Қазақстан
9/10
Наталья Орынбасарованың ерекше келбеті мен актерлік дарынын режиссерлердің байқамауы мүмкін емес еді. Кеңестік актриса қысқа уақыт ішінде өз заманының ел аузында жүрген хас сұлуына айналды. "Алғашқы ұстаз", "Мәншүк туралы жыр", "Нанның дәмі" және тағы басқа көптеген фильмдерге түскен.
© Sputnik / Галина Кмит / Медиабанкке өтуДанагүл Темірсұлтанова "Асу" ("Қазақфильм", 1986 жыл) фильмінен соң танымал жұлдызға айналды. Дарынды актриса Мұхтар Әуезов атындағы театр сахнасында алуан туралы әйел бейнесін сомдады.
Данагүл Темірсұлтанова - Sputnik Қазақстан
10/10
Данагүл Темірсұлтанова "Асу" ("Қазақфильм", 1986 жыл) фильмінен соң танымал жұлдызға айналды. Дарынды актриса Мұхтар Әуезов атындағы театр сахнасында алуан туралы әйел бейнесін сомдады.
Жаңалықтар
0