Оқиға

Түнде Ақтауда ірі өрт болды

© Photo : КЧСПожар в промзоне Актау
Пожар в промзоне Актау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1600 шаршы метр аумақ отқа оранған

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Ақтауда өнеркәсіп аумағындағы қоймалардың бірінен өрт шықты.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсанда 02.10-да түскен. Тас төсеуіштері өнеркәсібінің қоймасында шатыр, түпқойма және бос қораптар өртене бастапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар бойынша комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

© Photo : КЧСАқтауда қойма өртенді
Ақтауда қойма өртенді - Sputnik Қазақстан
1/2
Ақтауда қойма өртенді
© Photo : КЧСАқтауда қойма өртенді
Ақтауда қойма өртенді - Sputnik Қазақстан
2/2
Ақтауда қойма өртенді
1/2
Ақтауда қойма өртенді
2/2
Ақтауда қойма өртенді

Бастапқы өрт аумағы 1600 шаршы метр, қойманың жалпы аумағы – 2500 шаршы метр.

Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-тың Калифорния штатында тарихта болмаған жойқын өрт ауыздықталды

Өрт 05:15-те ауыздықталып, 06:19-да толығымен сөндірілді.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне, өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге 41 адам және тоғыз техника жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0