АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз әрі аязды ауа райы болады.
Солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс арқылы атмофералық фронттар өтетіндіктен, қар жаууы ықтимал, ал оңтүстік-батыста – жауын-шашын, жел және боран.
Республика бойынша кей жерде тұман, батыста – көктайғақ.
Дабылды ескерту
Еліміздің оңтүстігінде бірнеше өңірде жел айтарлықтай ұлғаяды.
"Қызылорда облысында кей жерде тұман, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Жамбыл облысында – тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, желдің екпіні 18-23 м/с", — деп ескертеді синоптиктер.
Боран және тұман
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде боран, тұман. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ.
Ақмола, Қостанай, Түркістан, Павлодар облыстарында кей жерде тұман.
Солтүстік Қазақстанда – төменнен соққан боран.
Ірі қалаларда ауа райы қандай?
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, +8, түнде —2 градус.
Алматыда да жауын-шашынсыз, күндіз —1, ал түнде айтарлықтай суытады — 11 градус аяз.
Елордамызда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы —12, түнде сынап бағанасы 14 градусқа дейін нөлден төмендейді.