Қоғам

Аяз және бұрқасын. Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚар, бұрқасын
Қар, бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі күні республиканың басым аумағында күн аяз, ашық болады

АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. "Қазгидромет" РМК синоптиктері жұмыс аптасының басында ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
4 желтоқсанда антициклонның әсерінен Қазақстанның басым аумағында аяз болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Тек республиканың шығысы мен солтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауады. 

Синоптиктердің болжамынша, кейбір өңірлерде тұман түсіп, батыста көктайғақ болады, сотүстік пен шығыста бұрқасындатады. 

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында түнде тұман түсіп, секундына 17-22 метр жел соғады. 

Солтүстік Қазақстанда – тұман, бұрқасын, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы осындай, тек 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында кей жерлерде – тұман, жел. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түссе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Павлодар, Маңғыстау облыстарында түнде – тұман. 

Ал Астанада ертең қар жауып, ауа температурасы —11-13 градус болады. 

Алматыда күн ашық, сынап бағанасы 7-9 градус суықты көрсетеді. 

Шымкентте де күн ашық, жылы, ауа температурасы +5+7 градусқа дейін көтеріледі.

Жаңалықтар
0