АСТАНА 2, желтоқсан — Sputnik. Қытай билігі азаматтарды демалыс күндері 79 қаланы қалың түтін басатынын ескертті. Бұл туралы South China Morning Post хабарлайды.
Ауаның қатты ластануы солтүстік, солтүстік-батыс пен шығыста байқалады. Қоршаған ортаны мониторингілеу ұлттық орталығының ақпараты бойынша, атмосферадағы зиянды заттар екінші желтоқсанда көп жинала бастайды да, осы қалпында кемінде үш күн сақталады. Қытайдың бес ірі қаласында денсаулыққа аса қауіпті "қызыл" деңгей жарияланды.
Экология және қоршаған орта министрлігінің өкілі Лю Юбиннің мәлімдеуінше, ел мұндай қалың түтінге ауа райына байланысты оранып отыр, дегенмен негізгі себебі – атмосфераға зиянды қалдықтардың көп түсуі. Үкімет қыста жағдай жақсарады деп сендірді, өйткені өндіріс көлемі қысқарады – Қытайдың экономикалық өсімі АҚШ-пен арадағы сауда соғысынан кейін бәсеңдеген.
Жойқын шаңды дауыл тұрғындардың зәресін ұшырды — қорқынышты видео