АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде өткен "Песня года" концертінде Димаш Құдайберген Ресей халқын тағы да ерекше дауысымен аузына қаратты.
"Песни года-2018" концерті биыл 1 желтоқсан сенбі күні "Олимпийский" СК-де өтті.
"Мен қызғанышымды әрең жасырып, сахнаға осы жылдың жаңалығы, жап-жас жігіті шақырғым келеді. Менен гөрі әлдеқайда жас… Бірақ жұлдызды Олимп басына қарыштап өрмелеп келеді. Ал ол жерде әлі біздер, әртістер, жол берер емеспіз", —деп жүргізуші Димашты ортаға шақырды.
Димаш Құдайберген концертте Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Дарынды әншінің шырқаған әнін композитордың өзі сүйемелдеді.