Спорт

Әлем чемпионы нокаутқа түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

© Photo : Kokeshi75Бокс
Бокс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боксшы ауыр халде ауруханада жатыр

АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Канадалық боксшы Адонис Стивенсон украиналық Александр Гвоздикке қарсы жекпе-жектен ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы промоутері Айвон Микел Twitter желісінде хабарлаған.

ринг - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақ спортшысы UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті

Гвоздик 11-ші раундтың соңында Адонискке бірнеше рет қатты соққы жасап сұлатты. Жекпе-жектен соң тілшілермен сөйлесуге шамасы келмеген, оны бірден ауруханаға алып кетіпті. Қазір ол Квебектің ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр.

"Адонис ауыр халде, жансақтау бөлімінде. Отбасы қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқан баршаңызға ризашылығын білдіреді. Жеке өмірге қол сұқпау құқығын сақтауларыңызды өтінеміз. Басқа пікір болмайды", — деп жазды Микел.

Гвоздик 41 жастағы Стивенсоннан ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC чемпиондық титулын ұтып алды. Ол 16 жекпе-жекте 16 рет жеңіске жеткен, оның 13-нде қарсыласын  нокаутқа түсірген. Канадалық 29 рет жеңіп, екі рет жеңілген, тағы бір кездесуде тең түскен.

Жаңалықтар
0