Қоғам

Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады
Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уақыт капсуласы алғаш ашылған Назарбаев зияткерлік мектебіне табысталады

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев қазақстандықтарға қытай тілін үйренуге кеңес берді

Бүгін Астанада "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған "Ұлы дала мұрагерлері" оқушылар мен педагогтардың форумы өтті. Қазақстан президенті зияткерлік мектептердің ұстаздары мен оқушыларын мерейтоймен құттықтап келді. Форум барысында оқушылар алғашқы зияткерлік мектепке уақыт капсуласын табыс еткісі келетінін айтып, мемлекет басшысынан Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды өтінді. 

"Қазақта "елу жылда ел жаңа" деген сөз бар. Ол кезде сендер әлі жас боласыңдар, жаңа технологиялар өмірге келеді, адамдар 100, 120 жыл жасайтын болады. Сондықтан, Құдай бұйыртса, сендер ол кезді көресіңдер. Сонда мен жазған мына хатты ашып, оқисыңдар", — деді Назарбаев.


Жаңалықтар
0