Өңірлер

Ақтөбеде мектептің төбесі балалардың үстіне құлады – себебін комиссия анықтайды

© Sputnikмектеп оқушысы
мектеп оқушысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектепте тоғыз жылдан бері жыл сайын жөндеу жүргізіліп келеді

АСТАНА, 1 желтоқсан  — Sputnik. Ақтөбедегі 40-шы мектепте төбенің құлау себебін арнайы комиссия анықтайды. 

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, оқиға 30 қарашада акт залындағы киім ілетін жерде болған. Бөлмедегі тоғыз оқушының үстіне аспалы төбенің бір бөлігі құлайды. 

"Оқушылар шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығарылды. Мұғалімдер бірден болған жағдай туралы ата-аналарға хабарлады. Мектептің медициналық қызметкері оқушыларды қарап шығып, ішкі ережеге сәйкес жедел жәрдем шақырды", — деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Білім күні - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда мектепте хиджабпен бірге "мини-юбка" киюге тыйым салынбақ
Дәрігерлер балаларды ауруханаға жеткізіп, профилактикалық тексерістен өткізген. Осыдан кейін сегіз оқушыны ата-анасы үйге алып кеткен, ал төбенің құлауынан зардап шеккен қыз ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады. 

Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, мұндай жағдай Ақтөбе мектептерінде алғаш рет тіркеліп отыр. 40-шы мектеп  2009 жылы ақпанда пайдалануға берілген. Жыл сайын мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Ақтөбе әкімдігі құрған арнайы комиссия аспалы төбенің не себепті құлаған анықтайды. 

Жаңалықтар
0